СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында жаңа оқу жылында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 97%-ды құрайды.
«Жаңа оқу жылында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мектебі жоқ 156 елді мекеннен 3137 оқушы тегін тасымалмен қамтамасыз етіледі. Педагогтердің 85% коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті. Ревакцинациялау процедуралары 25 тамызға дейін аяқталады», - делінген ақпаратта.
Облыстағы 157 балабақша мен 202 шағын орталық мектеп жасына дейінгі 25 305 баланы қабылдауға дайын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.