Абай облысындағы кәсіпорын өңірде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 2 млрд теңге бөлмек
04:06, 08 Шілде 2023
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Кенбейіл Исаев әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл меморандумына қол қойды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ⠀
Меморандум аясында көшелерді абаттандыруға (көгалдандыру, электр жарықтандыру желілері және т. б.) 2 100 000 000 теңге бөлу жоспарланып отыр.
Нақтырақ айтқанда:
1 тоқсан (Уәлиханов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
4 тоқсан (Дулатов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін);
5 тоқсан (Қабанбай көшесінен бастап батыр Жамақаев көшесіне дейін).⠀
Бұл меморандум өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде іске асырылатын болады.⠀
Аумақты абаттандыру - қаланың инфрақұрылымдық дамуы тұрғысынан маңызды және өзекті мәселесі.