Абай облысындағы орман өрті: Бұлақ ауылының тұрғындары көшірілді
22:29, 11 Маусым 2023
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысындағы алапат өртке байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қалың түтін Семей қаласының Бұлақ ауылының тұрғындарын эвакуациялауға негіз болды.
Тұрғындар эвакуацияланып, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды», - деп жазды жергілікті әкімдіктен.