Абай облысындағы орман төсеніші мен құрғақ шөп жануы ауыздықталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Батпаев орманшылығында орман төсеніші мен құрғақ шөп жануы ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 шілдеде сағат 11.06-да Батпаев орманшылығында түтін нүктесі анықталды. Абай облысы ТЖД, «Семей Орманы» МОТР және «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылы» РМКҚ күштері өрт орнына дереу шықты.

Орман алқабында төсеніш пен құрғақ шөп жаны жатты. Жану алаңы 0,3 гектарды құрады. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 12:17-де өрт оқшауланды», - деп жазды ТЖМ-нан.

Қазіргі уақытта аумақты сөндіру және қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіруге барлығы 34 адам және 14 техника қатысуда.