«25 мамырдағы жағдай бойынша орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жедел штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда. От ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні су-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалуын қиындатуда. Жалын шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың гектар болды. Орман өртін сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, бір өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды. Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады», - деді ол.
Әкімнің сөзіне қарағанда, елді мекендерге қауіп жоқ.
«Дегенмен, сақтық үшін 277 адам өздігінен туыстарының үйлеріне эвакуацияланды. Тонау фактілерінің алдын талу үшін эвакуциялау орындарында 20 полиция қызметкері кезекшілік етуде», - деді облыс әкімі.