СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысындағы өрт аймағынан бұдан бұрын жоғалып кеткен 15-ші орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Біз тракторды таптық. Дмитриевка ауылынан 5 шақырым қашықтықтан. Тас жолдан 1 шақырым арыда тұр екен. Тракторшы жоқ. Ертең құтқарушылар сол елді мекенде іздейді», - деп жазған ҚазТАГ агенттігіне сейсенбіге қараған түні дереккөзіне сүйеніп.
Бұған дейін тракторшы Абай облысындағы өртті сөндіруге шығып, жоғалып кеткені мәлім болған.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.