«2022 жылғы 7 желтоқсан сағат 22.30-дан бастап ауа температурасының -30 С-тан төмен болуына байланысты Абай облысының барлық республикалық автомобиль жолдарында дизельмен жүретін және жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Төмендегі тасжолдар жабық:
«Семей-Ресей Федерациясының шекарасы»;
«Семей-Қайнар»;
«Омбы-Майқапшағай» 587-733 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін) және 756-906 шақырым (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін)» делінген хабарламада.