«5 тамызда сағат 10:21-де «Семей Орманы» мөр аумағындағы орман алқабының жануы оқшауланды. Резерваттың мәліметінше, жану алаңы 27 га құрайды. Жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖМ бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, Семей орманы резерватының аумағындағы Долон филиалы Байдәулет орманшылығының 7,8 кварталында 4 тамыз күні сағат 14:39-да өрт шыққан болатын.11:41, 05 Тамыз 2023
Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.