«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына 510 оқушыға арналған 6 шағын мектеп салу енгізілді. Үржар ауданындағы Малақ ауылында – 100 және Сағат ауылында – 80 орындық, Жарма ауданындағы Новотаубинка және Кентерлау ауылдарында әрқайсысы 100 орындық екі мектеп ашылады. Ал, Бесқарағай ауданы Белокаменка ауылында 50 орындық және Ақсуат ауданы Көктерек ауылында 80 орындық мектептің құрылысы жүргізіледі», - делінген ақпаратта.
Қазір Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.