15 елдің балуандары сынға түскен бұл сайыста Абай облысының екі балуаны жеңіске жетті.
«Атап айтқанда, облыстық полиция қызметкері, лейтенант Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол алғашқы айналымдарда Молдова мен Франция өкілдерінен басым түссе, ақтық белдесуде Румыния өкілін жеңді.
Тағы бір жерлесіміз Әсет Ахметжанов 90 келі салмақта топ жарды. Балуан Польша, Пәкістан, Қазақстан, ал ақтық белдесуде Франция өкілін жарыс жолынан шығарды», - деп жазды жергілікті әкімдіктен.
Фото: baq.kz