Абай өлеңін оқу эстафетасына қатысқан орыс қызы көпшілік көзайымына айналды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырған Тараз қаласының тұрғыны Виктория Трегубованың видеосы желіде кең тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысыЛәйлім Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығынаарналған ақын өлеңдерін оқу эстафетасына Қазақстан халқы Ассамблеясы қызуқолдау білдіруде. Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен барлықөңірдегі этно-мәдени бірлестіктер бұл акцияға бірден атсалысып, жұмылажалғастырып әкетті.

Қатысушылардың арасында Тараз қаласының тұрғыны Виктория Трегубова да бар. Ол АбайҚұнанбаевтың «Өлең – сөздің патшасы» өлеңін оқып, көпшілік көзайымына айналды.Әлеуметтік желіде кең тараған бейнежазбаға 1500-ге жуық репост жасалып, тамашалаушыларсаны 65 мыңнан асты.
Көпшілік Викторияға қазақ тіліне деген құрметі үшін ерекше алғыс айтып, зорризашылығын білдірді. Олардың арасында белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтыңиегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ақын, «Платиналы тарлан» сыйлығының иегері ИсраилСапарбай, көрнекті күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЖанғалиЖүзбаев, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері СатыбалдыНарымбетов, дүлділ әнші, Қазақстанныңеңбек сіңірген қайраткері, Ерлан Рысқали және басқа ақын-жазушылар мен БАҚөкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары бар.


Айта кетейік, ВикторияТрегубова 1998 жылы 1 маусымда Ресей Федерациясының Ульяновск облысында дүниегекелген. 2000 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылына қоныс аударған.М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 2019 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетінің журналистика факультетін тәмамдады.

Қазіргі кезде Тараз қаласында тұрады. Қаңтар айынан бері Жамбыл облыстықтелеарнасының «Tuski time» бағдарламасының тәлімгер-жүргізушісі. Жамбыл облыстықҚазақстан халқы Ассамблеясы «Радонеж» орыстар қоғамы бірлестігінің мүшесі жәнеҚХА Жаңғыру жолы жастар қозғалысының белсендісі.

«Отбасында екі ағайындымыз. Өзімнен үш жас үлкен ағам Владислав та қазақмектебін бітірген, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Анам Светлана Степановна – метеоролог,әкем Вячеслав Александрович - Жамбыл облыстық обаға қарсы күрес станциясыныңқызметкері. Нағашы жұртым – Жамбыл облысынан, анам Ұланбел ауылында туып-өскен.Ресейге қыдырып барып, әкеммен танысып, екеуі шаңырақ көтерген. Арада 6-7 жылөткенде анам әкеме туып-өскен жерін көрсетпек болып, екі баласымен төркінінеқыдырып келеді. Әкеме Қазақстанның ұнағаны соншалық, содан кейін біз Ресейгеқайта оралмадық. Ауылда бір ғана қазақ мектебі болғандықтан үйдегілер бізді солбілім ошағының партасына отырғызды. Бірақ біз қазір мемлекеттік тілді жоғарыдеңгейде меңгергеніміз үшін мақтанамыз. Қазақы ортада тәрбиеленуіме мүмкіндікжасаған әке-шешеме мың алғыс. Өзімді көпшілікке орыстың қазақ қызымын дептаныстырамын», – дейді Виктория Трегубова.



Соңғы жаңалықтар