Абай шығармашылығы туралы жүзге жуық ғылыми еңбек жарық көрді

АСТАНА. KAZINFORM — ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Ақтанова абайтану саласындағы іргелі еңбектер жөнінде мәлімдеді.

Фото: Kazinform

— ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты 2019 жылы Президент жарлығымен құрылды. Содан бері 94 ғылыми монография жарық көрді. Олардың арасында ЕҰУ ғалымдарының ғана емес, бүкіл Қазақстандағы зерттеушілердің жұмыстары бар, яғни еліміздегі абайтанушылардың еңбегі бір жерге шоғырландырылған. Аталған зерттеулерді оқытушылар да, студенттер де кең көлемде қолданып келеді, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, абайтану саласындағы ғылыми еңбектерде ақын шығармашылығы тек филологиялық емес, философиялық, психологиялық, әлеуметтік т. б. жағынан зерттелгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Абай әлемі және «Толық адам» танымы ұлт сапасын қалай көтеретінін жазғанбыз.