Абай шыңын бағындырмақ болған РФ азаматы жарақаттанып, ауруханаға түсті

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - 15 қаңтар күні, күннің бірінші жартысында Абай шыңына шығу кезінде Ресей Федерациясының 34 жастағы альпинисті жарақат алды.

Ол ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағының жұмылдырылуымен ҚР ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ-нің (14 адам мен 3 техника) күшімен құтқарылып, Алматы қаласына жеткізілді.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.