Абай және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

5 желтоқсан күні сағат 00:00-де боран, көрінудің төмендеуі және көктайғаққа байланысты Абай облысының келесі учаскесінде қозғалыс шектелді:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы»;

  • 587–733 шақырым — Павлодар облысы шекарасынан Семей қаласына дейін.

Павлодар облысында да дәл осы уақыттан бастап ауа райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды:

  • «КАZ07: ҚХР – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы, «Урлютюбе» өткізу пункті»,

  • 427–587 шақырым — Павлодар қаласынан (Кенжекөл к.) Абай облысының шекарасына дейін.

- Жолдарды 2025 жылғы 5 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады, - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Айта кетейік, биыл ақылы автожолдардан бюджетке 72 млрд теңге түскен.