#Абай175: Абайды тану – қазақты танумен бірдей

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хакім, ұлы ойшыл, реформатор Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты іс-шараларға дайындық биылдан басталып кетті. Абай – қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай-әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға»,-деген болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойға қатысты: «Тарихидатаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгімақсат - дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаныңой-толғамдарын кеңінен дәріптеу», - депҮкіметке Абайдың мерейтойына қажетті іс-шаралар әзірлеуді тапсырған еді.

Абайтану саласында бүгінгі таңда да атқарылып отырғанжұмыстар аз емес.

Ел руханияты үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Осыорайда кейінгі бірнеше жылдан бері «Абай үйі» орталығын ашу туралы мәселенікөтеріп жүрген абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызының осыған дейін атқарғанигілікті істері мен алдағы мақсаттарын қағазға түсірген едік.

Абайтану орталығын ашу заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың арманыеді. Алматыдағы ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасында 1942-43 оқу жылдарында М.Әуезовтың ұйымдастыруыменАбайдың әдеби мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеу басталған болатын. Соныңнәтижесінде Абайдың шығармашылық байланысы, жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшылыққалыптасу жолы, батыс және шығыс әдебиетінің әлеуметтік ағартушылық патриоттықидеялары ешқашан үзілген емес. Бір қызығы Абайға арналған орталықтардың тағдырытөрт жылдан кейін тоқырауға ұшырап жатады. Сол 1942 жылы ашылған зерттеуорталығы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің қаулысынан кейінжабылды. Одан 1987-1998 жылары Абайтану өрісі қайта бастау алып, МекемтасМырзахметов, Шериаздан Елеукенов сынды ғалымдардың ықпалымен қайта ашылды.Абайтану және қазақ әдебиеті тарихы бөлімі өнімді еңбек ете бастаған шақта,ұжымның жұмыстары қарқын алғаны сол еді, тағы да қаржы мәселесіне байланыстытөрт жылдың шамасында жабылып тынды. Ал, Астанада ашылған «Абайтану»ғылыми-танымдық орталығы енді тыныс алып, төрт аяғын тең басады –ау деген шақтытағы да осы жағдай қайталанып, қаражат мәселесіне байланысты төрт жыл ғанажұмыс атқарды. Содан бері бес жылға жуықуақыт өтті. Табанымнан тозып ашпаған есігім қалмады. Бір түсінгенім – Абайды тануға арналған жобаныңқай-қайсысы болмасын жекелеген мекемелердің меншігінде емес, мемлекеттіңқанатының астында болу керектігін айқын аңғартты.

Иә, Қазақстан-Ресей университетінің ішінен ірге қалағанорталықтың әжептәуір мұрағаттарға толы залдарын көрдік қой. Қазақтың бас шаһарындаАбайға арналған бір орталықтың болғаны дұрыс-ақ деп қуанып жүр едік. Онда бірталай елеулі жұмыстар атқарғаныңызәлі елдің есінде. Қаншама экспонаттар мен кітаптарды қайдан жинадыңыз? Кәзір олзаттар қайда тұр?

Абай - телегей теңіз.Ол ешкімнің де құшағына симайды. Абайды тану – қазақ халқын танумен бірдей.Өйткені қазақ қауымын дәл Абайдай танып, Абайдай түсіндірген ешкім болған жоқ.Елордаға келіп өз қалауыммен Абайға орталық ашқаным да сол. Көп заттарды өзімСемейден, білетін қолөнершілерден тасыдым. Орталық ашылғанын естіген Абайғажанашыр, ұлттың ертеңін ойлаған әр өңірдегі азаматтар қолдарындағы барыменбөлісті. Экспонаттарын ұсынды, кітаптарын тарту етті. Аз уақыттың ішінде тарихижәдігерлермен, құнды фотодеректермен, деректі бейнежазбалармен толығып, қосбөлме мұражайға айналып шыға келді. Осы жұмыстың басы-қасында шынайы қамқорлықжасаған Қарағандыдағы академик-ғалым Зейнолла Молдахметовтың нағыз зиялы екенінарнайы жазғанмын. Оқу орнының бас иесі Зейнолла Молдахметұлы өзі басқарыпотырған техникалық-инновациялық оқу орны екеніне қарамастан Абайды қанатынаалғанының өзі керемет емес пе?! Шынайыниеті түзу адам кез келген істің ретін табады екен. Менің кім екенімді көрмей,білмей жатып сенім артқаны маған одан әрі күш берді. «Басшысы бастай білсе, онкісі жүзді жеңеді» деген мақал дәл келді. Сол қарқынмен өзге де әріптестерменынтымақтаса жұмыс атқарып, іргелі нәтижелерге де жеттік. Соның ішінде «Абайнұры» жас дарындардың клубы құрылды, әлі күнге дейін шәкірттеріммен тығызбайланыстамын. Әсіресе, осы күнге дейін үлкен сұранысқа ие болып отырған«Ұлылар мекеніне саяхат» бағдарламасы, төрт жылдың ішінде 200-ге тарта зиялықауымды керемет тарихи құндылықтарға қанықтырған жоба болды. Қамап ұстаған тұлпар бәйгеалмайды, тұсауланған таланттан тың дүниетумайды. Еркін ұшқан құс биікке самғайды. Зейнолла Молдахметовтың жасандылықтанбиік шын зиялылығы «Абайтану» орталығынсол еркіндікпен Республика деңгейіне дейін көтерді. Жазған қағаздарымды жауапсыз қайтармай, қаржы мәселесі бойыншатығырыққа тіремей, оқу орынына қатысының бар-жоғына қарамай, апта сайын Астанамектептерінің ұстаздарымен Абай тақырыбында ашық сабақтар, түрлітақырыптағы кездесу кештер менбайқаулар, курстық сабақтар ешкедергісіз жүргізілді.


Ал, енді «Абайтану»орталығына жаяулап жинаған мүліктерге келсек, ол Зейнолла Молдахметұлыныңмекемесінде әлі сақтаулы тұр. Осы мекемені басқарып отырған Марат Зейноллаұлыәкеден көрген тектілікті жалғаған, зиялы азамат әлі күнге дейін әлдекімдер сияқты «кабинеткерек» деп сылтау айтқан жоқ. Жарты әлемге жар салып мақтанбай-ақ, қарапайым ғана қалпымен ұлт руханиятын сақтап келеді. Нағыз ердіңбелгісі бір-ақ рет айтқаны, серттің беріктігі, уәдені құдай сөзі дептанитындығы ғой.

Қазақтың тақиясына симай, кең байтақ даласынан, Астананыңдаңғарадай зәулім мекемелерінен бір бұрыш бұйырмай тұрғанда Абайға осынша құрмет көрсеткен нағыз зиялыадамды ақын рухы қолдасын.

Ұлы ақынның мерейтойықарсаңына атқарылар істердің көп болатыны белгілі. Соның бірі көптен күтіпжүрген қуанышты жаңалық Елорда төрінен Абайдың бір үйінің жеке ашылуы. Сәті түсіп ашылған жағдайда қандай бағыттажұмыс жүргізеді деп ойлайсыз?

Жалпы Семейдегімемлекеттік Абай мұражайынан кейін Абайға арналып жеке орталық ашылады десекейбіреулер «Семейде музейі бар, қайта-қайта ашудың қаншалықты қажеті бар»деген пікір айтады. Мұражай менғылыми-зерттеу орталығын шатастырмау керек. Екеуі екі бағытта ауқымды жұмыс атқарады. Адам өмірі – еңбегіменөлшенеді десек, мұражайдың негізін жылдар бойы жинақталып сақталған жәдігерлер қалайды. Дана данышпандарын, қоғамқайраткерлерін мәңгі есте сақтау үшін, олардан қалған ұлағат – мұраны көздіңқарашығындай сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін қасиетті орын мұражай. Ал, орталықтың жұмысы – Абайшығармашлығын тереңдей тану мақсатында «Абай әлемі» екі бағытта – мәдени ағарту және ғылымизерттеу шеңберінде Абайтануды мектеп бағдарламасында қалыптастыру, ішкі-сыртқышығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстары, түрлі шет тілдердегі аудармалар,текстологиялық толықтырулар, деректі-көркем фильмдер түсіру, негізінде қызметатқарады. Жас ұрпақты ұлттық мәдени-рухатиятқа тәрбиелеу, қоршаған орта,алыс-жақын шет елдердің әрекеттесуісынды бағытқа негізделген еуропралық инновациялық даму модельіне сәйкес түрлі тақырыптықзерттеулер, әдістемелік құралдар, ғылыми-танымдық ашық сабақтар, әдеби-кездесукештер, түрлі тарихи деректі фильмдер, тақырыптық экскурсиялар мен туризмдіксаяхаттар, Абай тақырыбына сай түрлі қалалық байқаулар ұйымдастыру арқылы әлемдік деңгейге көтеру - басты мақсаты болады. Абай ешқашан көптік етпейді. Біздің түсінбейжүргеніміз де осы. Өзгені жарылқауға келгенде өте шебер халықпыз. Мәселен, Қазақстанда Конфуцийдің бесинституты бар екен. Соның бірі бас қаладағы Евразия ұлттық университетіндеашылды. Жеке кітапханасы мен киноклубы жұмыс істейді. Қытай ғұламасы біздіңнасихаттауымызға зәру болмаса да осы институттың қаражатын өздері көтеріп отырекен. Ал, біз жылдар бойы жыр қылып жүрген орталықтың ашылуы үшін мерейлі шақтыкүтуге тура келді.

Абайтану ғылымыақынның өз дәуірінен басталып бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Абайшығармашылығындағы көптеген жаңашылдыққа қол жеткіздік. Абайтану саласындажетістіктер мен кемшіліктер бар ма?

Абайды халықтың Абайы етпей, тек, ғалымдар арасындазерттеліп келе жатқандығы қарапайым халықтың ұғымына сыйдыра алмай жүргенімізөкінішті. 2012 жылы мектеп бағдарламасына арнайы пән ретінде енгізілгенАбайтану пәні бұл күнде тұрақты оқу құралының жоқтығынан аптасына бір рет қана өтетінфакультативтік сабақ ретінде ғана жүргізіліп келеді. Мектеп бағдарламасынасәйкес құрылған Абайтану бағдарламасы ақынның өсу жолы мен шығармаларын әр тақырыпқа бөліп, жүйелеп оқытуды талапетеді. Мұндай бағдарлама бізде жоқ болған соң, оны өзім авторлық бағдарлама ретінде жасадым. Бағдарлама Абайтануғылымының үш кезеңін қамтиды. Сонымен бірге 32 сағаттан тұратын Абайтану курсынжүрігіп, әр мектептен бір Абайтанушы ұстаз оқытуымыз керек. Ұстаздаң барлығыАбайды оқып, зерттеп жүрген жоқ. Маңдайымызға біткен Абайдай бағымызды өзбиігінен түсірмей, сауатты ұстаздан сауатты ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің бастымақсатымыз болуы тиіс. Мектеп жасындағы балаларға бала Абайды оқыта алмайотырып, ақын Абайға жете алмаймыз, ақын Абайды аша алмасақ, Хакім Абайды мүлдетани алмаймыз. Біздің басты кемшілігімізАбайды жүйелеп оқыта алмай келеміз. Абай өлеңдерін құр жаттаумен болашақАбайтанушылардың қатарын көбейте алмаймыз. Тағы бір өзекті мәселе – М.Әуезовтың көзін көрген жалғыз тұяқ МекемтасМырзахметовтың тәлімін алып, ертеңгі ұрпаққа жалғастыру үшін де жеке орталықтыңболуы заңдылық.

Абай екінің бірінің аузында жүрген соң көңіліміз тоқ болыпжүргені болмаса, Астанадағы 90- нан астам мектептің біреуіне де әлі күнге дейінесімін беруді қимай отырмыз. Абайшығармашылығын зерттеу, жинақтарын жыл сайын шығару, Абай оқуларын өткізу сындыіс-шараларды әр мекемеге меншіктеп қою арқылы біз Абайтанудың түбегейлі негізінқалай алмаймыз. Атүсті мерзімдік науқан деп қараған істен тұрақты Абайтанушықалыптастыра алмаймыз. Сондықтан даАбайтанушылардың қатары өте сирек. Осы олқылықтардың бәрі түзелсе деймін.

Соңғы жаңалықтар