Павлодарлық клубтыңпортугалиялық легионері, әрі капитаны Карлос Фонсека, Руслан Есімов, УрошВитас, Дмитрий Шмидт, Тимур Молдинов және команданың өзге де ойыншылары Абайдың«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін оқыды.
«Ertis» ҚазақстанПремьер-лига командалары арасында аталмыш челленджге қатысқан алғашқы ұжым.Павлодарлықтар әрі қарай әдеби эстафетаны алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбеге»жолдады», - деп жазады портал.
Еске сала кетейік,Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді Ләйлім Шырақ есімді тоғыз жасармектеп оқушысы бастаған болатын. Әрі қарай бұл акцияны ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаев, белгілі әнші ДимашҚұдайберген мен өзге де танымал мемлекетжәне қоғамқайраткерлері қолдады.
Сондай-ақ «ҚазАқпарат»халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы эстафетаны «Egemen Qazaqstan» газетінен қабылалып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған болатын. Кейін оны «Татар-Информ»ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне,«Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдаған еді.