#Абай175: Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми челленджге қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Абай шығармашылығына арналған эстафетаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Конституциялық кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялықкеңестің төрағасы Қайрат Мәми «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралықынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың ІІІ халықаралық форумының жалпы отырысынақатысты. 12 елдің жас ғалымдары алдында сөз сөйлеу барысында Қайрат Мәми АбайҚұнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны жалғастырып, ұлы ақынның 38-шіқара сөзінен үзінді келтірді.

Онда«Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Қашан бір бала ғылым,білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Мал,мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрікболады. Хакімдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласынапайдалы іс шығармақлығына, яғни адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ пененбатылдықты айырмақты үйреткендігі, біздің оларға міндеткерлігімізге дау жоқ»,делінген.

ҚайратМәми осы асыл мұраны тілге тиек ете отырып, жастардың барлық ізденістерінесәттілік тіледі.

Қатысушыларғаарналған алғы сөзінде Конституциялық кеңестің төрағасы Қазақстанда жасғалымдардың халықаралық форумын өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.Форум ғылым, білім беру және инновациялар саласындағы өзекті мәселелердіталқылау бойынша беделді пікірталас алаңына айналған.

СпикерРеспубликаның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған,қазақстандықтардың жас буынына шетелде жоғары білім алуға бірегей мүмкіндікберетін «Болашақ» стипендиясының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша,қарқынды даму мен заманауи сын-қатерлер қоғам мен мемлекет алдында жаңаміндеттер қояды.

«Бұлпроцесте саяси-құқықтық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларэволюциясының векторларын айқындайтын Конституция маңызды рөл атқарады. Ғылымизерттеулердің нәтижелері Конституцияда бекітілген жалпы адамзаттыққұндылықтарды жүзеге асыруға қызмет етуі тиіс», - деді Қайрат Мәми.

Айта кетерлігі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін челленджге қоғам және мәдениет қайраткерлері, белгілі тұлғалар да қатысты.

Соңғы жаңалықтар