#Абай175: Өзбекстан Парламентінің спикері Нұрлан Нығматулиннен эстафетаны қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Абай ақын әрі ұлы ойшыл бола отырып, халықтарарасында бейбітшілік салтанат құрғанда ғана қоғамның негізгі күштері: ғылым,озық ойлар, мәдениет дамиды деп санады», - дейді Олий Мажлис палатасының спикері.

Нурдинжон Исмоилов осы акцияның ӨзбекстандағыҚазақстан жылы тойланып жатқан уақытқа тұспа-тұс келгенін атап өтті. Спикердіңайтуынша, бұл – қазақ пен өзбектің мәңгі әрі шынайы достығының, мәдени әрі руханибірлігінің символы.

«Туысқан екі халықтың тағдыры да, болашағы даортақ», - деді өзбек спикері.

Ол Өзбекстанда жыл сайын 10 тамыз күні ұлыақынның туған күніне орай салтанатты шаралар ұйымдастырылатынын, Ташкентмемлекеттік педагогика университетінде «Абай және өзбек әдебиеті» экспозициясыашылғанын, оқушылар мен студенттер арасында Абай тақырыбына шығармалар байқауыөтетінін жеткізді.

Абайдың өлеңін өзбекше оқыған НурдинжонИсмоилов эстафетаны Қазақстан Республикасының Өзбекстан РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалдыға жолдады.

Соңғы жаңалықтар