#Абай175: Полад Бұлбұлоғлы Мұxтар Құл-Мұxаммед жолдаған челенджді қабыл алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған челендж жер жүзін шарлап, ақын мұрасы әлемнің алуан тілінде оқыла бастады.

Енді оған әзербайжан xалқының әйгіліәнші-композиторы, кезінде 18 жыл қатарынан өз елінің мәдениет министрлігінбасқарып, бүгінде Әзербайжанның Ресейдегі елшісі қызметін атқаратын Полад Бұлбұлоғлықосылды.

Ол Мәкеудегі Низами Гәнжәуи ескерткішінің жанындатұрып, «Менің жақын досым Мұxтар Құл-Мұxаммед Абайға арналған жыр шеруінеқатысуды ұсынды. Мен мұны ризалықпен қабылдадым. Мәскеуде Абай мен Низамидіңескерткіштері бар. Мен екі ұлы ақынымыздың басын дәл осы үндестік арқылы қосқымкеледі» дей келіп, дана Абайдың

«Жүрегім, нені сезесің» өлеңін әзербайжантілінде оқып бердi.