Абайдың 180 жылдығы: 180 шақырымдық ультрамарафонда батысқазақстандық желаяқ топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM — Абайдың 180 жылдығына орай Абай облысында 180 шақырымдық республикалық «Abai Joly 100 miles» ультрамарафоны мәресіне жетті.
Фото: telegram.org/a/#-1001189587806
Аталмыш жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Қытай және Өзбекстаннан 30-дан астам желаяқ қатысты.
Фото: Баубек Ілиясовтың желідегі парақшасынан
Жүлде қоры – 10 млн теңге. Абсолютті чемпионға JETOUR X50 автокөлігі беріледі деп жоспарланған.
Фото: Баубек Ілиясовтың желідегі парақшасынан
Ультрамарафон 7 тамыз күні сағат 17.00-де Семейде басталып, бүгін Қарауылтөбеде аяқталды.
Батысқазақстандық желаяқ, 31 жастағы Баубек Ілиясов 180 шақырымдық қашықтықты 19 сағат 9 минут 45 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды.
Фото: Баубек Ілиясовтың желідегі парақшасынан
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туып-өскен Баубек Ілиясов – осыған дейін де марафондық қашықтықтарда бақ сынап, жүлде алып жүрген желаяқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық желаяқтың 230 шақырымды жүгіріп өткенін жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).