Абайдың 175 жылдығын өткізу жөніндегі мемкомиссияның алғашқы отырысы өтуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Абай туғанына 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында халықаралық, республикалық және өңірлікдеңгейдегі 500-ге жуық түрлі шара қамтылған Абай Құнанбайұлының 175 жылдықмерейтойына дайындалу мен өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасықаралды.

Осы орайда,Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Абай» көркемфильмінің шығарылымы, Абай шығармаларының шет тілдеріне аударылымы ескерілген. Сонымен қатар, Абай үйі-музейініңжан-жақты тыныстырылымы шарасын өткізу, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттіктарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми-реставрациялықжұмыстарын жүргізу, Құнанбайдың тұлғалық маңыздылығы мен тарихи-мәдени рөлінарттыру шараларын қабылдау қамтылған.

Бұған қоса, бүгіндеәлеуметтік желілерде сәтті іске асырылған #Abai175 челленджі жаһандық форматта жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік комиссияның отырысында Г. Әбдіқалықовамерейтойды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмаларберді.

Айта кетейік, 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдықмерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шықты. Осы ретте дайындық жұмыстарымен мерейтойды өткізуге байланысты мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамынаПарламент депутаттары, көрнекті жазушылар мен қоғам қайраткерлері, орталықмемлекеттік органдардың басшылары, шығармашылық қоғам өкілдері енді.

Соңғы жаңалықтар