Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны «Татар-информ» қабыл алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны «Татар-информ» ұжымы қабыл алды. Бұл туралы «Татар-информ» жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Агенттік бүгін «Татар-информ» Абайдың175 жылдығына арналған флешмобқа қосылды» деген тақырыппен ақпарат таратты.

«Қазақстандаосы елдің Ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Соның құрметіне орайарнайы флешмоб ұйымдастырылып ол Татарстанға де жетті. Татар әріптестеріне оны«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы тапсырды»,-делінгенақпаратта.

Сондай-ақонда татар тілінде Абайдың өмірбаны мен шығармашылығы жөнінде біршамамағлұматтар берілген. Сонымен қатар онда флешмобты Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сынып оқушысынан қабыл алғандығы айтылған.

«Татар-информ»ұжымы Абайдың бір өлеңін оқыды. Флешмобқа агенттіктің бас редакторы РәмисЛатыйпов, тілшілер Динә Йосыпова мен Алинә Айдарова және лента редакторы ГөлфияГобәйдуллина қатысқан. Сондай-ақ видеоблог авторы Илгиз Шәкүров те бар.

«Татар-информ»өкілдері #abai175 флешмобы эстафетасын ТНВ – «Яңа гасыр» телерадиокомпаниясынажәне «Болгар радиосына» тапсыратынын айтады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасармектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетовке жәнебүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші ДимашҚұдайбергенге жолдағанеді. Кейін Ресейдің халық әртiсi ИгорьКрутой Димаш жолдаған эстафетаныжалғастырып, Абай өлеңдерін оқыған болатын.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпаратагенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып , Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады және эстафетаны«Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттықақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.

Соңғы жаңалықтар