Абайдың әнін шырқаған Әділхан Макин «Славян базарында» 1-орынды сақтап қалды

Фото: None
ВИТЕБСК. ҚазАқпарат - БЕЛТА – Қазақстандық әнші Әділхан Макин «Витебск-2019» эстрада әндерін орындаушылардың XXVIII Халықаралық байқауының екінші күн қорытындысы бойынша көш басында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Витебскінің Жазғы амфитеатрында «Славянбазары» байқауына қатысушы 16 жас дарын иесі әлемдік хит әндерді орындады. Әсіресе,What`s going on, Queen of the night, Hurt, I surrender, What`s up, She`s gone,Natural, My heart will go on сияқты ағылшын тіліндегі әндер көбірекайтылды.

Алғашқы күні 89 балл жинаған Әділхан кеше ДэвилХолл мен Джон Вотстың «Ол кетті» әнін керемет орындап шықты. Бұл жолы да еңжоғары (89) балға ие болған қазақ әншісі екі күннің қорытындысы бойынша 178балмен көш басында келеді.

Әнді орындап болған соң Әділхан көрермендергетағзым етіп, қазақ тілінде сәлемдеме жолдады. Әрі Абайдың «Көзімнің қарасы»әнін сыйға тартты. Әділханның өнерін мына видеоның 32-минутынан бастаптамашалауға болады.

Екі күннің қорытындысы бойынша, Әділханныңізін қуып келе жатқандардың арасында Ваня Здонюк 170 балл, израильдік Илай 171балл, ресейлік Иван Дятлов 168 балл, молдован Лидия Исак, Паулина, украинәншісі Дмитрий Бабак – 167, грузин әншісі Георгий Путкарадзе 171 балл жинаған.

Еске сала кетейік, кеше Әділхан Макин «Славянбазарының» алғашқы күні ән айтумен бірге грэпплинг трюгін де тамаша орындағанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар