Абайдың «Қара сөздері» Кант пен Гетенің тілінде де әуезді естіледі ? немістердің жамбылдық қоғамының төрайымы

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күнінде жастар үшін ұйымдастырған мерекені Қазақстанның Германиядағы жылына арнады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мамыр мерекесі еліміз азаматтарының бәріне ортақ», - деді Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Надежда Нестерова. ? Мамырдың 1-і ? Қазақстанда өмір сүріп жатқан адамдар арасындағы тыныштық пен келісім, бірлік мерекесі. Елдер мен халықтардың мәдениетімен танысу әртүрлі ұлт өкілдерін жақындастырып, рухани жағынан байыта түседі».Қазақстан мен Жамбыл облысының тарихы мен мәдениетіне неміс диаспорасының қосқан үлесі туралы Жамбыл облысы немістері қоғамының төрайымы Елизавета Шефер әңгімелеп берді. «Германия алыс шетелдерде Қазақстан жылын өткізіліп жатқан алғашқы мемлекет болды. Қазақстанда немістердің үлкен диаспорасы тұрды. Ал тарихи отанына оралғандар да Қазақстанмен байланысын жалғастыруда. Ал мұнда қалғандары еліміздің тең құқықты азаматтары болып отыр. Олардың неміс тілінде оқытатын мектебі бар, бизнеспен айналысуда, мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқарады. Германияда да қазақ тілін оқытатын мектеп бар. Бұл Еуропа мен Қазақстанды жалғастырып тұрған көпір десек те болады. Германияда неміс тілінде басылған Абайдың «Қара сөздері» Кант пен Гете тілінде де әуезді естіледі және баршаға танымал», - деді ол. Жамбыл облысында алты мыңдай неміс диаспорасы тұрады. Облыстың барлық аудандарында құрылған неміс қауымдастықтары Қазақстанның Германиядағы жылына орай биыл бірқатар шараларды өткізуде. «Елбасы өзінің Жолдауында дағдарыстық құбылыстарды еңсеруде Қазақстан халқы Ассамблеясына да үлкен міндеттер жүктеп отыр. Президент сөзімен қанаттанған біздер еліміздің игілігі, тыныштық пен тұрақтылықты нығайту жолында бұрынғыдан да жақсырақ еңбек етуге құлшынудамыз», - деді Е.Шефер.