Тұсаукесер рәсіміне қазақстандық журналистер, блогшылар және қоғам қайраткерлері қатыст
«Азат Еуропа/Азаттық» радиосының президенті Джеффри Гедмин онда сөз еркіндігі мен адам құқығын қорғауды дамытуға атсалысып жүрген қазақстандық тәуелсіз журналистердің еңбегін құрметпен атап өтті. Сондай-ақ бұл сапары кезінде Үкімет басшысымен кездесіп, «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Қазақстанда ресми және қоғамдық ұйымдармен әріптестік тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендігін жеткізгенін айтты. Оның пайымдауынша, блог жазу - Қазақстан қоғамында интернетті пайдаланушылар арасында соңғы жылдары ғана таралып, дами бастаған азаматтық журналистканың тың бағыты болғандықтан, "Азаттық" радиосы бұл іске үлес қосуды жөн деп тапқан. Қазір интернетке қол жеткізе алмаған аймақтағы оқырмандар бұл жазбаларды енді осы жинақтан оқып, танысуға мүмкіндік алып отыр.
14:29, 06 Желтоқсан 2010
Абайдың қара сөздерінің компакт-дискісі жарық көрді
АЛМАТЫ. 6 желтоқсан . ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда "Азаттық" радиосы компакт-дискіге жазылған «Абайдың қара сөздері» мен қазақстандық блогшылардың 2010 жылы www.azattyq.org вебсайтында жарияланған үздік блог-жазбаларынан құралған «Блогстан» жинағын жұртшылық назарына ұсынды.