ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, биыл Абайдың 175 жылдығына орай Семей қаласы мен Абай ауданында түрлі мәдени нысандарды салуға, жөндеуден өткізуге, сондай-ақ абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған 88 жоба іске асырылмақ.
«Атап айтсақ, Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 300 оқушыға арналған мектеп салынып, облыстық маңызы бар көлік жолдары жөнделеді. «Жидебай» мемориалдық кешенінде Абай атындағы музейдің құрылысы жүргізіліп, хакімнің туған ауылы Сырт Қасқабұлақ абаттандырылады» - дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өтетіні хабарланған болатын.