деп хабарлайды Астана қаласы ІІД ЖПБ баспасөз қызметі. Оның мақсаты бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншілер қатарына арнау, балалардың жазғы ұзақ та қызық демалыс кезеңінде қарқынды көлік ортасынан шығып қалуына байланысты, балаларға қала көшелері мен жүріс бөліктерінде жүріп тұру, жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы естеріне түсіру, балалардың қатысуымен жол-көлік травматизімінің алдын алу, ескерту және болдырмау болып табылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі-ең маңызды, әрі негізгі мемлекеттік мәселе. Осы мәселені шешу кезінде аса маңыздысы, ол жол қозғалысы мүшелерінің ішіндегі ең кішкентай жаяу жүргіншілеріміз - балалар. Сонымен қатар бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Пайдалы кеңестер" атты ақпараттық-танып білерлік буклеттері үлестірілді. Онда түрлі-түсті бояулармен боялған жол жүру Ережесі бойынша міндеттері мен жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігін суреттейтін ақпараттар баяндалған. Алғашқы айларда ата-аналардың балаларын міндетті түрде мектепке алып келіп, алып кетуге тырысуларын, баланың жол жүру Ережесін жақсы меңгерген және қатаң сақтаған жағдайда ғана мектепке жалғыз жіберулері туралы пайдалы кеңестер берілді. Сондай-ақ, кішкентай жаяу жүргіншілерге Астана қаласының Ішкі істер департаментімен дайындалған мультфильмдері мен түрлі роликтері интерактивті тақта арқылы көрсетілді.
Ең жас жол қозғалысы мүшелеріне жол жүру Ережесінің негізгі тәртібіне және қаланың жол-көше тармақтарында қауіпсіз жүріп-тұру тәртібіне дағдыландыру үшін ойын жүзінде жол белгілері мен жол таңбалары түсіндіріліп, онда балаларға қалалық автобустарға қалай мініп-түсу туралы, автобустарды айналып өту, жүріс бөлігін қалай жүріп өткен дұрыс және жаяу жүргіншілер өткелінен жүріп өту тәртібі, жол Ережесін қатаң сақтау және велосипедпен қалай, қай жерде жүру бойынша ойын түріндегі қызықты мағлұматтар берілді.
Балалар өз қылықтарында ересектердің мінез-құлықтарын қайталайтынын, біз тыйым салу емес, тек дұрыс әрекетімізбен ғана балалардың қауіпсіздігі бізге байланысты. Сондықтан, ата-аналар мен ұстаздар балалардың жол-көше тармақтарындағы іс-әрекеттеріне жиі назар аударып, үйде ата-аналар, мектепте ұстаздар балаларға көлік жолына шықпас бұрын, алдымен тоқтап, бірінші солға, сосын оңға қарап барып жолдан өту қажеттілігі туралы айтып отырғандары дұрыс.
Құрметті ата-аналар мен үлкендер! Сіздер өздеріңіздің жеке тәртібіңізбен балаларға үлгі бола отырып, қарапайым жол жүру Ережесінің талаптарын сақтағандарыңыз абзал. Тек өзіміздің жеке тәртібімізбен балаларымызды қауіп-қатерден аман сақтап қаламыз.