Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта-мектеп интернатында өткен олимпиадағы еліміздің әр өңірінен 9-11 сыныпта оқитын 96 оқушы қатысты. Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты - М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілетті дамыту.
Олимпиада қорытындысы бойынша бағын сынаған 96 оқушының 38-і жүлделі орын иеленді.
ІІІ орын
9-сыныптар бойынша
Берікханова Нұрай Қайратқызы – Абай облысы
Талғатқызы Жайна – Атырау облысы
Абдужаппар Сымбат – Түркістан облысы
Қазақбаева Аяла – Алматы қаласы
Шамиль Малика – Алматы қаласы
Мұқанбек Құндыз – Абай атындағы РММИ
10-сыныптар бойынша
Қабдиева Баян Ақылбайқызы - Абай облысы
Тойлыбай Алина Махсатқызы – Жамбыл облысы
Сейсенбай Динара Сүйіндікқызы – Түркістан облысы
Өсерханова Ақбота – Шымкент қаласы
Шаймерден Аяулым – Жетісу облысы
Ержан Елдана – Алматы қаласы
Кейікші Ақбота Әсетоллақызы – Алматы облысы
11-сыныптар бойынша
Ануарбекова Перизат Сериковна – Солтүстік Қазақстан облысы
Дәулетқызы Дана – Абай облысы
Жетес Гүлжайна Қайырбекқызы – Қызылорда облысы
Сегізбай Сабина Нұралықызы – Жамбыл облысы
ІІ орын
9-сыныптар бойынша
Абдулла Гаухар – Маңғыстау облысы
Тұрсын Еңлік – Алматы қаласы
Қаныбекқызы Айша – Алматы облысы
Қырғызбай Аяжан – Абай атындағы РММИ
10-сыныптар бойынша
Боранова Айнұр – Маңғыстау облысы
Бағытжан Айнелья – Атырау облысы
Қадырбек Таңсұлу – Шымкент қаласы
Қарасай Айнара – Абай атындағы РММИ
11-сыныптар бойынша
Асембаева Меруерт Максаткызы – Астана қаласы
Джумагалиева Жібек – Маңғыстау облысы
Сейсен Айымжан – Түркістан облысы
Жеткерген Даниал – Шымкент қаласы
І орын
9-сыныптар бойынша
Төлебай Ақмарал – Жамбыл облысы
Әлібек Әсет – Маңғыстау облысы
Изат Нұрғасыр – Қарағанды облысы
10-сыныптар бойынша
Арғынбаева Ұлпан Жиентайқызы – Астана қаласы
Амантай Нұрсезім – Түркістан облысы
Төреханова Махаббат – Абай атындағы РММИ
11-сыныптар бойынша
Исмаилова Гулназ – Атырау облысы
Тұрсынбай Нұрай – Шымкент қаласы
Тұрған Нұрбану – Абай атындағы РММИ
І орын иегерлеріне Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаты мен 15 000 теңге ақшалай сыйлық, ІІ орын иегерлеріне Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаты және 10 000 теңге, ІІІ орын иегерлеріне Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаты мен 5000 теңге көлемінде жүлде берілді. Жүлделі орын иегерлерімен қатар барлық қатысушыларды дайындаған жетекшілеріне Алғыс хат табысталды. Олимпиаданы өткізуге «Ұшқан ұя» түлектер бірлестігі демеушілік жасады.