ABC.es: «Галатасарай» Еуропа Лигасына билетті «Астана» қолынан жұлып алды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық ABC.es басылымы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қорытынды ойында «Галатасарай» және «Астана» ойыны (1:1) жайында қысқаша шолып өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Портал жақсы ойын көрсете білген қазақстандық команданы атап өтеді. Бірақ «Астананың» қолдарында тұрған бақытты билеттен тағы да айырылып қалғанын мойындайды. ABC.es матчта «Галатасарай» өз қақпаларына өткізіп алған голдан кейін бір-екі минуттың ішінде ептілік таныта білгендігін атап өтеді.