Қазіргі президент, 97 проценттен сәл ғана астам дауыс жинаған Абдель-Фаттах ас-Сиси жеңіске жетті. Оның жалғыз қарсыласы "Аль-Гэд" партиясының төрағасы Мусса Мустафа Муссаны сайлаушылардың 3 проценті ғана қолдаған.
Атап өтер жайт, бұл саяси науқанға сайлаушылардың 41 проценті ғана қатысқан. Елдегі ауыр экономикалық жағдайға қарамастан сайлау учаскелеріне келген адамдар қазіргі президентке сенім артқан.