хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шара әйгілі сөз зергерінің Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өткен «Әбе достарын шақырады»депаталатын шығармашылық кешінің аясында жасалды. Авторға кітаптың сүйінші данасы салтанатты жағдайда табыс етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл олардың кеш иесіне жасаған басты сыйлығы болып отыр.
"Кітап негізінен әлем ойшылдарының пікірінен құрастырылған. Оның ішінде Әбекеңнің шығармашылығы туралы өз пікірі де бар. Яғни осынау тұлға туралы, жарты ғасырға жуық айтылған, жазылған пікірлер осы жерде жинақталған", дейді осы кешті ұйымдастыру комитетінің мүшесі Смағұл Елубай. Жазушының айтуынша, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өлмес шығармаларының біз әлі де тұңғиығына бойлап болған жоқпыз. Пушкин, Абай жайлы зерттеулердің тоқталмайтыны сияқты Әбең туралы әдеби әңгіме де ешқашан тоқтамайды.