Абдулла Батырбек Азия ойындарында джиу-джитсудан қарсылас шақ келтірмеді
19:54, 29 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Абдулла Батырбек Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды.
Ол 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Батырбек Салем Алькубаисиді (БАӘ) жеңді.
Айта кетейік, джиу-джитсудан ұлттық құрама қоржынында осымен төрт медаль бар.
Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыстар басталды.
Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Абдулла Батырбек 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты.