«154-168 фунт аралығында ешкім Головкинге 12 раунд шыдас бере алмайды. Ал Канеломен жекпе-жек болуы мүмкін бе дейсіз бе? Ол жігіттің қалай өсіп келе жатқаны көңіл толтырады. Кездесу болған жағдайда, ол өте тартысты өтеді және жекпе-жек тағдыры ойынның екінші жартысында шешіледі. Одан соң екеуі қайта есе қайырысу үшін кездесуі мүмкін, себебі бұл жепке-жек бір ғана кездесумен шектелетінге ұқсамайды», - деді Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.
Головкин келесі кездесуін қыркүйекте өткізеді. Онымен кездесуі мүмкін қарсыластардың қатарында Эрисланди Лара, кіші-Крис Юбенк, кіші-Хулио Сесар Чавес, Дэниел Джейкобс, Билли Джо Сондерс және Хильберто Рамирестер бар.