Абель Санчес: «Егер Джейкобс шабуыл салып бокстасса, айқас қысқа болады»
22:34, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, егер Дэниел Джейкобс айқаста қорғаныс тактикасын қолданбаса, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталады, деп хабарлайды sports.kz.
Аталмыш боксшылар 18 наурыз күні Нью-Йоркте кездеседі, осы кеште орта салмақтағы Головкин өзіне тиесілі IBF/IBO/WBA/WBC титулдарын қорғайды.
«Ол айқасқа беріліп кіріседі деп үміттенемін. Оның екі қолының да соққысы күшті, егер қорғанысын түсіріп алса, онда Головкиннің соққысы даруы мүмкін. Дарыса, оған ауыр тиеді. Сондықтан, ол айқасқа бар ынта-жігерімен кірісіп, жұдырықтасу барысында жақсы әрекеттер жасаса, жекпе-жек тез аяқталады», - деп келтіреді Санчестің сөзін BoxingScene.