Абель Санчес ESPN Boxeo-дан «2015 жылдың жаттықтырушысы» наградасын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес ESPN Boxeo-дан награда алды, деп хабарланды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобының парақшасында.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын «Sports Illustrated» беделді басылымы да Абель Санчесті «Жыл жаттықтырушысы» ретінде таныған болатын, деп жазады sports.kz.