Оның ойынша, Мартин Мюррей рингте Головкинге қарсы үлкен күшпен қарсылық көрсетуі керек. Өйтпеген жағдайда, чемпион оны көп ойланбастан сұлатып тастайды. «Меніңше, барлығы Мюррейдің осы кездесуге қандай мінезбен шығатынына байланысты болмақ. Егер ол төбелеске келген болса, жекпе-жек қызық өтеді. Головкин ол үшін тым мықты меніңше, Головкин орта салмақтағылардың барлығы үшін алынбас қамал», - деді бапкер. «Егер Мюррей ақырын жүріп, аңдап басатын болса, оны сол жерде жойып жібереді. Ол Мэттью Маклин құсап, қарсылық көрсетіп, дәл соққыға сенім артуы керек. Менің ойымша, Мартин - бұрын-соңды кездескен боксшылардың арасында ең мықтысы. Біз одан текетірес күтеміз, жекпе-жек қанша уақытқа жалғасатыны Мюррейге байланысты», - деп түйді сөзін А.Санчес Boxingscene сайтына берген жауабында.
07:27, 20 Ақпан 2015
Абель Санчес Г. Головкиннің қарсыласы Мюррейге бірнеше кеңес берді
АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA Super, WBC Interim және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің(31-0, 28 КО) бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының қарсыласы Мартин Мюррейге бірнеше кеңес берді.