«Өткен сенбіде үш төреші Головкиннің пайдасына шешім шығарды, сондықтан өзгелердің айтып жатқаны мені толғандырмайды. Бұл маңызды емес, себебі судьялардың үкімін өзгертпейді. Тарихқа басқалардың не айтқаны емес, айқастың қалай өткені енеді. Әлеуметтік желілерде өз пікірлері маңызды деп ойлайтын «дивандық бапкерлер» мен «клавиатуралық судьялар» өте көп. Төрешілер айқастың нәтижесін есептеді, сол ғана маңызды», - деп келтірді Санчестің сөзін Boxingscene.com
Еске сала кетейік, Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні өтіп, судьялар бірауыздан қазақстандықты жеңімпаз деп таныды.