«Альварестің бірер жыл бұрынғы Флойд Мейвезермен айқасқаны - оны мықты боксшы ретінде танытты. Егер Головкин 16 қыркүйек күні оны соққыға алса, әйгілі жұлдыз болары анық. Өйткені, менің ойымша, Геннадий бұл жекпе-жекте үстемдік танытып, Флойдтың жасай алмағанын жасайды. 16 қыркүйек - Головкиннің мансабындағы шешуші күн. 16 қыркүйектен кейін де осы сөзді қайталайтындығыма үміттенемін», - деді Санчес BoxingScene-ке берген сұхбатында.
22:41, 31 Тамыз 2017
Абель Санчес: Головкин Альвареспен айқасында Мейвезердің жасай алмағанын жасайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қамқорлығындағы боксшы Сауль Альвареспен айқаста кіші Флойд Мейвезермен салыстырғанда әлдеқайда жарқын жеңіс көрсетеді деп есептейді.