Абель Санчес: Головкин Хопкинстің рекордын жаңартқысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, IBF, IBO және WBC дәрежелері бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өзінің тәлімгерінің WBO дәрежесі бойынша чемпион атағын жеңіп алып, 20 атақты қорғаған Бернард Хопкинстің рекордын жаңарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин төртінші белбеудің иегері атанғысы келеді. Алайда, бұл оның аталмыш белбеуді «пір тұтатынын» білдірмейді. Бірақ, ол орта салмақта басты деген төрт бірдей атақты жеңіп алған боксшы Бернард Хопкинс туралы көп ойланады. Геннадий үшін бұл үлкен жетістік. Дегенмен, оның басты мақсаты тек бұл ғана емес. Ол сонымен қатар 20 атақты қорғап қалған Хопкинстің рекордын жаңартуды да керемет нәтиже деп есептейді. Бұл реттегі айырмашылық Головкин жеңістерін тек нокаутпен алмақ. Меніңше, мұндай нәтижеге әлі ешкім жете алған жоқ»,-деп келтіреді Санчестің сөзін Boxing Scene.