Абель Санчес: «Головкин үшін проблема тудыра алатын жалғыз Мейвезер ғана»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер Абель Санчестің пікірінше, Геннадий Головкинді шын мәнінде сынай алатын жалғыз боксшы - кіші Флойд Мейвезер, деп хабарлады Sports.kz.

- Менің ойымша, Флойд [Мейвезер] 60 жасында да сол қалпында бола алады. Флойд - сіздер  күтіп жүрген жекпе-жекті Головкинмен айқасы арқылы ұсына алатын жалғыз боксшы. Флойдта Головкиннің күшін, қоғалысын баса алатын білімі мен тәжірибесі бар, - деді Санчес  Fighthype.com сұхбатында.