Абель Санчес: Головкинге Чавесті де, Фроч пен Уордты да жеңу еш қиындық тудырмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін бокстың осы сериясы ашық. Ал оның жаттықтырушысы Абель Санчес, Головкинмен қолғап түйістіре алуға мүмкіндіктері мол үш боксшыны атады», деп жазады allboxing.ru.

«Менің ойымша, үш боксшы бар. Бұлар - кіші Чавес, Фроч пен Уорд. Алайда, Геннадий үшін бұлардың қай-қайсысымен болса да жекпе-жекті еңсеру оңай болар еді. Бүгінгі күні Геннадийдің күш-қуаты тасып тұрғаны соншалықты, оған қарсылас шақ келмейтіндей. Чавес 17 млн. доллардың ұсынысынан бас тартты (Головкинмен 2 жекпе-жек), ал осынша ақшаны иелену үшін оған жеңіс те маңызды емес еді. Шындығында, бұл жағдай күлкіні келтіреді. Кез-келген боксшы бұлайша ақша таба алмас еді», - деген екен Санчес Doghouseboxing.com сайтындағы сұхбатында.

Сонымен қатар Санчес Головкиннің бірінші орташа салмаққа да төмендей алатынын айтыпты. Ал аталған рейтингтің лидері әлемнің үздік боксшыларының бірі 37 жастағы америкалық кіші Флойд Мейвезер осы салмақта бірнеше жекпе-жек өткізген көрінеді. Санчес осыны меңзеп отыр.

«Флойд - қас талант. Шындығында, ол бәлкім бірінші орта салмақтағы Геннадиймен жекпе-жек барысында нокаутқа түсіп қалмайтын әрі жекпе-жекті қызықты ете алатынын бірден бір боксшы шығар», - дейді Санчес.