Оның мәлімдеуінше, Джейкобстың Головкинге қарсы 12 раунд бойы шыдас беруге дәрмені жетпейді.
«Мен бұрын да айтқанмын, 154-тен 168 фунтқа дейінгі аралықта боксшылардың бірде-бірі Головкинмен жекпе-жекте 12 раундқа дейін шыдас бермейді. Геннадий Уорд пен кіші Чавестан, мүмкін Фрочтан басқалардың барлығын нокаутқа жібереді. Бұл үшеуі аяғына дейін шыдас танытуы ықтимал. Олар Головкиннің нокаутына қарсы тұра алатындай салмаққа ие және стильдері де ерекше. Бірақ қалғандары 12 раундқа дейін сұлап түсетін болады.