Ол кезде қазақстандық WBA, WBC және IBF титулдарының иегері, ал Сондерс WBO нұсқасы бойынша чемпион еді.
- Шын мәнінде бізде Қазақстанда Сондерспен жекпе-жекке келісімшарт жасалған. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болды. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары тиісті кепілдіктерді орындай алмады және айқас та болған жоқ. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз тәсілі Билли Джоның кепілдіктерін орындау еді. Бірақ олар оған бұдан бұрын айтылған сомаға кепілдік бере алмады әрі келіссөздерге қайта оралған жоқ. Өйткені бізде ондай ақша болмады, - деді Санчес Fighthub TV берген сұхбатында.