5 мамырда GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте WBA, WBC және IBO белбеулерін қорғайды. Кейін қазақстандық панчер күзде және жыл соңында айқас өткізуі мүмкін.
«Біз қыркүйекте жұдырықтасамыз деп үміттенемін, кейін желтоқсанда рингке шығамыз. Барынша көп әрі ұзақ бокстасқымыз келеді. Бүгінде Геннадий - спорттың осы түріндегі ең мықты боксшы. Оны бағалауымыз керек», - деді Санчес Yahoo! Sports-қа берген сұхбатында.