Абель Санчес: «Головкиннің маусым айындағы жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер Абель Санчес Геннадий Головкиннің келер жылғы жоспарлары мен ықтимал қарсыластары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Sports.kz.

«2017 жылдың басында Геннадий рингке оралады деп үміттенемін. Менің ойымша, маусым айындағы жекпе-жек Қазақстандағы ЭКСПО-да өтеді, одан кейін қыркүйек айында тағы бір айқасқа шығады. Менің ойымша, фанаттар оны көргісі келеді. Біздің де көргіміз келеді. Оның жасы ұлғайып барады. Біз оның айқастарын барынша көбірек тамашалағымыз келеді. Оның қарсыластары кім боларын білмеймін, бұл туралы 2017 жылдың басында ойланамыз. Қарсыластардың бірі Джейкобс болады деп үміттенемін. Билли Джо Сондерс келіссөздерді жалғастыруда. Геннадийдің Канелоға қарсы міндетті жекпе-жегі болуы мүмкін. Егер бұл жекпе-жек болса және Канело Головкинді ұра алса, айқастың көрігі қыза түседі», - деп жазды Boxingnews24.com.