- Вирджил - талантты бапкер, ол мұны баяғыда дәлелдеген. Бірінші кезекте оның тәжірибесі көп, көптеген ұлы боксшыларды жаттықтырған, үлкен жекпе-жектер өткізген. Бұл орайда Дэнниге үйретері көп. Сондай-ақ, Дэнни бірінші бапкері Андре Розьемен бірге келе жатыр. Демек, мен қатарынан екі тамаша бапкерді жеңуім керек. Рингте Джейкобс та, Головкин де біз ұсынған жоспарды жүзеге асыруға тырысады. Екеуі де мықты панчер. Егер олар жоспар бойынша қимылдаса, екеуінің біреуі анық жеңіске қол жеткізеді, - деді Санчес.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді.