Абель Санчес: «Мен Брукты өте жақсы боксшы деп есептеймін»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Говокиннің бапкері Абель Санчес британдық Келл Бруктың алдағы шайқасқа дейін Геннадийге қысым көрсетуге тырысатынын айтты.

Еске салсақ, Головкин-Брук жекпе-жегі 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді, деп жазады sports.kz.

«Мен Брукты өте жақсы боксшы деп есептеймін, - деді Санчес Undisputed Champion Network сұхбатында. - Оның рекорды 36-0, және ол, әрине, жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы. - Бірақ, ол нокаутер емес. Айқасқа 30 күн қалғанда таразыға тартылғанда, оның салмағы 176 фунт болды (орта салмақта жұдырықтасудың лимиті - 160 фунт). Енді олар айқасқа дейін Геннадийге рухани қысым көрсетуге әрекеттенеді. Мұндай жағдайда, бізде тамаша жекпе-жек өтеді, тамаша нокаут болады», - деді Санчес.