«Орташа салмақта ешкім де Геннадиймен 12 раунд бойы айқаса алмайды. Мен бұл туралы бұрын да айтқан едім. Котто бес раундқа, ал Альварес сегізге де шыдамайды», - дейді Абель Санчес.
Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 21 ақпан күні Монакода өтетінін атап өту керек, бұл жолы ол әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер Мартин Мюррейге қарсы шығадығ деп жазады sports.kz.