Абель Санчес: «Уордтың өзі Головкинмен жекпе-жекте 12 раундтан өте алмайды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қарамағындағы спортшының Андре Уордпен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісінде GGG-дің ресми тобы.

«Үш жыл бұрын мен 154-168 фут аралығындағы салмақта ешкім де Геннадиймен 12 раундтан өте алмайтынын айтқан болатынмын, оны қазір де айтып отырмын. Андре Уордтың өзі оны істей алмайды. Уорд пен оның адамдары Том Леффлерге телефон соғып, оған ұсыныс жасасын. Егер Андре А тарапы болып есептелсе, және қоғамға Головкинді айқасуға шақыратын адам ретінде танылса, А тарапы ретінде іс жүзінде неге шақырмайды: ұсыныс жасасын. Оның артында Джеймс Принс және Jay Z сияқты адамдар тұр, оларда ақша бар. Ұсыныс жаса, сонда жекпе-жек болады. Ал егер тек ауа қармай берсең, бұл айқас ешқашан өтпес», - деді Абель Санчес.