"Осылайша Хаджимба Абхазияның сайланған президенті болып саналады", деп жазады ИТАР-ТАСС Орталық сайлау комиссиясы басшысының сөзіне сілтемемен.
Абхазия заңнамасына сәйкес, сайлауда 50% пайыз және 1 дауыс жиған үміткер жеңіске жетеді.
Хаджимбаның негізгі бәсекелесі - қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін атқарушы Аслан Бжания. Ол 35,91% дауыс жиған.